Луис Энрике «Челсидің» тізгінін ұстауы мүмкін

Луис Энрике «Челсидің» тізгінін ұстауы мүмкін

Испания футбол командасының бұрынғы бас бапкері Луис Энрике Лондондағы «Челсидің» тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды BasSport.kz РИА Новости сайтына сілтеме жасай отырып.

Журналист Жерар Ромероның айтуынша, Энрике сәрсенбі күні таңертең «Челсимен» келісімшартқа отыру үшін Лондонға барған.

Наурыз айының соңында Энрике ағылшын футболын мұқият қадағалайтынын және ағылшын премьер-лигасында жұмыс істегісі келетінін мәлімдеді.

Жексенбіде «Челси» Грэм Поттердің команданың бас жаттықтырушысы қызметінен босатылғанын жариялады. Поттердің жаттықтырушылар құрамындағы Бруно Салтор уақытша бас бапкер болып тағайындалды.

Энрике 2018 жылдан 2022 жылға дейін Испания құрамасымен жұмыс істеді. 2019 жылдың наурыз айында маман қызының ауруына байланысты уақытша қызметінен кетіп, үш айдан кейін ресми түрде орнын босатты. Қараша айында ол командаға қайта оралды.

Энрикенің басшылығымен Испания құрамасы Еуро-2020 жартылай финалына шықты, ал Катарда өткен 2022 жылғы әлем чемпионатында 1/8 финалға жетті.