Бокстан әлем чемпионатына 12 ел бойкот жариялады
Ташкентте (Өзбекстан) бокстан ерлер арасында өтетін әлем чемпионатына бойкот жариялаған елдер тізімі артты, деп хабарлайды BasSport.kz.
Қазір бұл қатарда 12 мемлекет бар. Бұған дейін Ресей мен Беларусь спортшыларының қатысуына байланысты АҚШ, Польша, Швейцария, Нидерланд, Ирландия, Чехия, Швеция, Канада, Украина, Германия және Норвегия әлем біріншілігіне бойкот жариялаған болатын. Енді бұл тізімге Ұлыбритания қосылды. Мұның алдында Ұлыбританияның бокс федерациясы Нью-Делиде (Үндістан) әйелдер арасында өткен әлем чемпионатына да қатысудан бас тартқан болатын.
Бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионаты Ташкентте 1-14 мамыр аралығында өтеді.
Оған Қазақстан құрамасы қатысады.