Овечкиннің командасы 9 жылда алғаш рет плей-оффқа шыға алмай қалды

Овечкиннің командасы 9 жылда алғаш рет плей-оффқа шыға алмай қалды
Хоккей

"Вашингтон Кэпиталз" Ұлттық хоккей лигасы плей-офф кезеңіне шыға алмай қалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Флорида Пантерз" өз айдынында "Баффало Сэйбрз" 2:1 есебімен жеңді, сөйтіп АҚШ астанасының хоккейшілері Стэнли Кубогы үшін талас жүргізуі мүмкіндігінен айырылды. 

Александр Овечкин өнер көрсететін команда биылғы маусымның 77 кездесуінде 77 ұпай еншілеп, Шығыс конференциясы турнирлік кестесінде 13-орында тұр. Команда 2014 жылдан бері тұңғыш рет плей-офф кезеңіне жолдама ала алмай қалды.