Денис Евсеев Мексикадағы жарыстың келесі айналымына өтті

Теннис
Отандық теннисші Денис Евсеев Мексиканың Сан-Луис қаласында өтіп жатқан “Челленджер” турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Бірінші кезеңде қазақ теннисшісі доминикандық Ник Хардты 7:5, 7:6 (7:1) есебімен жеңді.
Келесі айналымда Денис Евсеев Бурручага Р. (Аргентина) - Кепфер Д. (Германия) матчының жеңімпазымен шеберлік байқасады.