Карло Анчелоттидің ұлы «Базель» клубын баптауы мүмкін

Карло Анчелоттидің ұлы «Базель» клубын баптауы мүмкін

«Реал Мадридтің» бас бапкері Карло Анчелоттидің ұлы Давиде Анчелотти жеке бапкерлік қызметін бастамақ, деп хабарлайды BasSport.kz.

Marca басылымының мәліметінше, 33 жастағы италиялық алдағы маусымда «Базель» клубының тізгінін қолына алуы мүмкін. Қазір бұл клуб 26 турдан кейін Швейцария чемпионатында 5-орында келеді.

Кіші Анчелотти 2021 жылғы жаздан бастап «Реал» бас бапкерінің көмекшісі қызметін атқарып келеді. Бұған дейін ол әкесінің бапкерлер штабымен «Эвертон», «Наполи», «Бавария» және «ПСЖ» клубтарында жұмыс істеген.