Отандық теннисші Мексикадағы жарыстың негізгі кезеңіне шықты

Отандық теннисші Мексикадағы жарыстың негізгі кезеңіне шықты
Теннис

Қазақ теннисшісі Денис Евсеев Сан-Луис-Потосиде (Мексика) өтіп жатқан турнирдің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Іріктеу сынының шешуші матчында Денис Евсеев Солтүстік Мариана аралдарының өкілі Колин Синклерді 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Мексикадағы “Челленджер” жарысының жүлде қоры - 80 000 доллар. Жеңімпаз 10 840 доллар алып, 75 ұпай еншілейді.