Отандық кіші ракетка шеберлері әлем чемпионатына жолдама жеңіп алды
Теннис
Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) екі қазақстандық жұптың әлем чемпионатына жолдама алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Денис Жолудев - Сағантай Құрмамбаев және Зәуреш Ақашева - Анастасия Лаврова жұптары Дурбанда өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.
Бұған дейін Кирилл Герасименко (жекелей және жұптық сын), Алан Құрманғалиев (жұптық сын), Айдос Кенжеғұлов (микст), Зәуреш Ақашева (микст) Азия іріктеу турнирінде әлем біріншілігне жолдама жеңіп алған еді.