Рыбакинаны жеңіп кеткен теннисші рейтингте үш сатыға жоғарылады
WTA жекелей сында өнер көрсететін теннисші әйелдердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жаңартылған рейтингте Қазақстан үздігі Елена Рыбакина өзінің жетінші орнын сақтап қалды, қазір оның қоржынында 3720 ұпай бар. Ал кеше ғана мәресіне жеткен Miami Open турнирінің финалында отандасымызды жеңіп кеткен чехиялық Петра Квитова үш сатға жоғарылап, әлемнің 12-ракеткасы атанды. Ал польшалық Ига Швентек ретйингтегі көшбасшылықты әзірге ешкімге берер емес.
1 (1). Ига Швентек (Польша) — 9975.
2 (2). Арина Соболенко (Беларусь) — 6740.
3 (3). Джессика Пегула (АҚШ) — 5605.
4 (4). Каролин Гарсия (Франция) — 4990.
5 (5). Онс Жабер (Тунис) — 4976.
6 (6). Коко Гауфф (АҚШ) — 4401.
7 (7). Елена Рыбакина (Қазақстан) — 3720.
8 (8). Дарья Касаткина (Ресей) — 3375.
9 (9). Белинда Бенчич (Швейцария) — 3360.
10 (10). Мария Саккари (Грекия) — 3191.
11 (11). Вероника Кудерметова (Ресей) — 2470.
12 (15) Петра Квитова (Чехия) — 2377.