Алан Құрманғалиев Польшада қола медаль жеңіп алды

Алан Құрманғалиев Польшада қола медаль жеңіп алды
Теннис

Польшаның Владыславово қаласында үстел теннисінен WTT Youth Contender жарысы өтіп жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақтың кіші ракетка шебері Алан Құрманғалиев 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өнер көрсетіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Ол Гонконг, Перу, Финляндия, Қытай, Өзбекстан, Жапония теннисшілерін жеңіп, тек Тайбэй өкілі Чан Ю-Аннан жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұл Аланның халықаралық дәрежеде жеңіп алған жиырма үшінші жүлдесі, оның оны алтын, алтауы күміс және жетеуі қола.