Майк Тайсон Елена Рыбакинаның ойынын тамашалауға келді
Теннис
АҚШ-тың Майами қаласында WTA 1000 санатындағы жарыстың финалдық матчы өтіп жатыр, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Елена Рыбакина мен Петра Квитова арасындағы матчты тамашалауға әйгілі боксшы Майк Тайсон келді.
Дәл қазір ойынның бірінші сетінің 10-геймі аяқталды. Отандасымыз брейк жасап, есепті теңестірді - 5:5.