Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына дайындық жоспары белгілі болды

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатына дайындық жоспары белгілі болды
Хоккей

Хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Андрей Скабелка комаданың әлем чемпионатына дайындық жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"10 сәуірде оқу-жаттығу жиындарын бастаймыз. Құрамаға жас ойыншыларды шақырту жоспарда бар. 22 және 24 сәуір күндері "Барыс-Аренада" Оңтүстік Корея құрамасымен жолдастық кездесу өткіземіз. 5-7 мамыр аралығында Астанада Беларусь және Ресей құрамаларының қатысуымен турнир өтеді. Әрі қарай команда Ригаға жолға шығып, 13 мамыр күні Норвегияға қарсы әлем чемпионатындағы бірінші ойынын өткізеді. Турнирдің маңызы айтпаса түсінікті, элиталық дивизионда бақ сынаймыз. Бапкерлер құрамы сенім артып отырған ойыншылар оқу-жаттығу жиыны мен әлем чемпионатына жоғары дайндықпен келіп, ұлттық құраманың жақсы нәтижеге қол жеткізуіне бар күштерін салатындарына сенімдімін", - деді бас бапкер Sputnik.kz берген сұхбатында. 

Айта кетейік, биыл әлем чемпионат Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қалаларында 12-28 мамыр аралығында өтеді. Топтық кезеңде Норвегия, Чехия, Швейцария, Канада, Словакия, Латвия мен Словения құрамалары Қазақстан командасының қарсыласы болады.