Юлиус Гудачек "Барыстың" ойыншылар алдындағы қарызы туралы айтты

Юлиус Гудачек
Хоккей

"Барыстың" словакиялық қақпашысы Юлиус Гудачек астаналық клубтың ойыншылар мен бапкерлер алдындағы қарызы туралы айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

"Иә, клуб бізге жалақымызды төлеуі керек. Бірақ, қаңтар айында қаражаттың "Самұрық-Қазынадан" келетіні және жалақы шамамен сәуірде берілетінін айтқан. Барлығын түсіндірді. Ойыншылар, бәріміз сәуірде жалақымызды алатынымызды білеміз. Клуб ойыншыларды да, бапкерлер құрамын да ескертті. Сондықтан бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын", - деді Юлийс Гудачек.

Еске салайық, словакиялық қақпашы "Барыс" сапына маусым барысында қосылып, 42 кездесуде команда қақпасын күзетті.