Рыбакинаның финалдағы қарсыласы мәлімдеме жасады
Теннис
Әлемнің 12-ракеткасы чехиялық Петра Квитова Майамидегі "мыңдық" жарыстың финалына шығуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Петра Квитова жарыстың шешуші кездесуінде қазақстандық Елена Рыбакинамен шеберлік байқасады.
"Рыбакина - өте жақсы ойыншы. Ол Индиан-Уэллсте жеңіске жетті, Майамиде финалға жолдама алды. Әрине, үлкен жетістік, жақсы нәтиже. Оның соққысы жойқын, допты ойынға қосуы да жақсы. Менде де дәл осылай. Матч нәтижесі қарсыластың қысымына шыдай алуымызға байланысты болады", - деді Петра Квитова деп жазады WTA ресми сайты.
Еске салайық, Miami Open жарысының финалы сенбіден жексенбіге қараған түні өтіп, Астана уақытымен 01:00-де басталады.