Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның финалдағы қарсыласы анықталды
Теннис

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыстың финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Чехиялық теннисші Петра Квитова беделді жарыстың жартылай финалында Румыния өкілі Сорана Кырстяны екі сетте 7:5, 6:4 есебімен жеңіп, шешуші сынға жолдама алды. 

Елена Рыбакина мен Петра Квитова бұған дейін өзара екі кездесу өткізген. Оның біреуінде чехиялық теннисші жеңсе, екіншісінде Елена Рыбакина мықтырақ болған. 

Матч бүгін Астана уақытымен 01:00-де басталады.