Елены Рыбакина Серена Уильямстың кезекті рекордын қайталады

Елены Рыбакина Серена Уильямстың кезекті рекордын қайталады
Теннис

Әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласныда өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыстың финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жартылай финалда америкалық Джессика Пегуланы екі сетте 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңген Рыбакина осы матчта 11 эйс жасаған. Осының арқасында ол 2016 жылдан бері қатарынан бес матчта он және одан көп эйс жасаған бірінші теннисші атанды. Осыдан 7 жыл бұрын Серена Уильямс Уимблдонда дәл осындай нәтижеге қол жеткізген. 

Елена Рыбакина Майамидегі жарыста чемпиондық атаққа Петра Квитова - Сорана Кырстя матчының жеңімпазымен таласады.