Рыбакинаның қатарынан қол жеткізген он үшінші жеңісінің бейнешолуы

Рыбакинаның қатарынан қол жеткізген он үшінші жеңісінің бейнешолуы
Теннис

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыстың финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Жартылай финалда әлемнің үшінші ракеткасы Джессика Пегуланы екі сетте 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңген Елена Рыбакина қатарынан он үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Отандасымыз финалда Петра Квитова - Сорана Кырстя матчының жеңімпазымен жолығады.