Елена Рыбакина Майамидегі турнирдің финалына шықты
Теннис
Қазақстанның бірінші, әлемнің жетінші аркеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Жарыстың жартылай финалында әлемнің үшінші ракеткасы америкалық Джессика Пегуламен кездескен отандасымыз екі сетте 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Елена Рыбакина қатарынан он үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Қазақстандық теннисші финалда не чехиялық Петра Квитовамен, не Сорана Кырстямен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, бұл Еленаның наурыз айындағы екінші финалы болмақ. Бұған дйеін ол Индиан-Уэлсстегі WTA 1000 санатындағы жарыста жеңімпаз атанған еді.