"Барыстың" үздік қорғаушысы командада қалады

Хоккей

Астаналық "Барыс" келесі маусымға үш ойыншысын команда сапында сақтап қалғысы келіп отыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

"Головой об ледтің" инсайдерлік ақпаратына сәйкес, елордалық клуб келер маусымда қорғаушы Әділ Бекетаев, шабуылшылар Кирилл Савицкий мен Михаил Рахмановты кез келген жағдайда команда құрамында қалуды жоспарлауда.

Еске салайық, Әділ Бекетаев өткен маусымның 64 ойынында 21 (3+18) ұпай жинап, команданың үздік қорғаушысы атанды. Ал Кирилл Савицкийдің еншісінде 54 ойында олжаланған 19 (11+8) ұпай бар болса, Михаил Рахманов 33 матчта 9 (2+7) ұпай еншіледі.