Дэвис Кубогы топтық кезеңінің жеребесі тартылды

Дэвис Кубогы топтық кезеңінің жеребесі тартылды
Теннис

2023 жылғы Дэвис Кубогы топтық кезеңі жеребесі тартылып, құрамалар өз қарсыластарын білді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Теннистен командалық әлем чемпионаты 12-17 қыркүйек аралығында Болоньеде (Италия), Манчестерде (Ұлыбритания), Валенсия (Испания) мен Хорватия қалаларының бірінде өтеді.

Жеребе қорытындысы:

А тобы: Канада, Италия, Швеция, Чили.

В тобы: Аустралия, Ұлыбритания, Франция, Швейцария.

С тобы: Испания, Сербия, Чехия, Оңтүстік Корея. 

D тобы: Хорватия, Нидерланд, АҚШ, Финляндия.

Топта жеңімпаз атанған және екінші орын алған командалар 21-26 қараша күндері Малагада (Испания) өтетін плей-оффқа қатысады. Дэвис Кубогының қазіргі чемпионы - Канада құрамасы. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы биылғы Дэвис Кубогының іріктеу кезеңінде Чилиден жеңіліп қалған болатын.