Елена Рыбакина әйгілі Серена Уильямстың жетістігін қайталады

Теннис
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы жарыста тарихи нәтижені қайталады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
ОрtаАсе ақпараттық порталының мәліметінше, отандасымыздың италиялық Мартина Тревизанға қарсы өткізген матчынан кейін Елена төрт матчта қатарынан 10 және одан көп эйс жасаған бірінші теннисші атанды. Дәл осындай нәтижеге әйгілі Серена Уильямс 2020 жылғы US Open жарысында қол жеткізген болатын.
Анна Калинскаямен кездесуде Рыбакина 14, Паула Бадосамен сында 12 эйс жасады. Элизе Мертенспен және Мартина Тревизанмен өткізген кезедсулерінде 10 эйстан өз еншісіне жазды.