"Барыстың" үздік қорғаушысы Қазақстан чемпионатының финалында ойнайды

Хоккей

Қазақстан чемпионатының "Номад" пен "Хумо" кездесетін финалдық кезеңінде астаналық команда сапында "Барыстың" үздік қорғаушысы Әділ Бекетаев өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап. 

Құрлықтық хоккей лигасында дебюттік маусымын өткізген 24 жастағы хоккейші 64 матчта 21 (3+18) ұпай еншілеп, астаналық ұжымның ең нәтижелі қорғаушысы атанған. 

Әділ Бекетаев "Номадтың" финалға арналған құрамына қосылған және қазір командамен бірге жаттығып жүр. Биылғы маусымда ол фарм-клуб сапында өнер көрсетпеген. 

Қазақстан чемпионаты плей-офф кезеңінің финалы алғашқы төрт матчы 2 және 3 сәуір күндері Ташкентте, 7-8 сәуірде Астанада өтеді.