Виктор Кумыков қызметінен кетуі мүмкін

Виктор Кумыков қызметінен кетуі мүмкін
Футбол

Қызылорданың «Қайсар» клубының басшылығы бас бапкер Виктор Кумыковқа соңғы мүмкіндік бермек, деп хабарлайды  bassport.kz.

Meta-ratings.kz порталының жазуынша, команда премьер-лиганың 4-турында Алматыда «Каспиймен» кездеседі. Егер осы ойында ұпай жоғалтса, Виктор Кумыковтың отставкасы қарастырылуы мүмкін.

«Қайсар» алғашқы үш турда бір ұпай ғана жинады. Бұл облыс әкімдігі мен клуб басшылығын қанағаттандырмай отыр.

Оған дейін Виктор Кумыков Қарағандының «Шахтер», Шымкенттің «Ордабасы» Көкшетаудың «Есіл», Семейдің «Елімай» және «Атырау» мен бір кездері осы «Қайсарды» да жаттықтырған.