Илья Ильиннің президент болуы Серік Сәпиевке байланысты

Илья Ильиннің президент болуы Серік Сәпиевке байланысты
Басқа

17 наурызда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының жаңа президенті сайланады, деп хабарлайды Bassport.kz.

Сайлау қорытындысын тәуелсіз комиссия бақылайды. Оны Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев басқарады. Комиссия құрамында сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова мен Ұлттық Олимпиада комитеті заң департаментінің директоры Ксения Қасымова бар. 

Ауыр атлетика федерациясының президенті болуға Илья Ильиннен бөлек,Гаджи Гаджиев үмітті. 

Дауыс беруге 27 адамның құқығы бар. Олар: федерация өкілдері, құрама командалардың бас бапкерлері, мемлекеттік жаттықтырушы, аймақтардағы федерациялардың жетекшілері.