Қазақстандық пара дзюдошылар Гран-Приде алты жүлде жеңіп алды

Қазақстандық пара дзюдошылар Гран-Приде алты жүлде жеңіп алды
Дзюдо

Мысырдың Александрия қаласында пара дзюдодан Гран-При сериясы жарысы өтті. Халықаралық дода нәтижесінде қазақстандық спортшылар алты жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Ерлер арасындағы бәсекеде Олжас Оразалыұлы (-73 келі, J2) мен Ерлан Өтепов (+90 келі, J1) күміс медальға ие болса, Ерғали Шамей (-73 келі, J1), Жанбота Аманжол (-90 келі, J2) мен Ерлан Қоңқиев (+90 келі, J2) үшінші оырнға тұрақтады. 

Ал әйелдер арасындағы жарыста Даяна Федосова (-57 келі, J2) жарыстың күміс жүлдегері атанды. 

Жалпы, жарысқа 30 елдің 160 спортшысы қатысты.