Юлиус Гудачек: "Барыс" Қазақстан азаматтығын алатын жас қақпашымен келісімшартқа отыруды жоспарлап отыр

Юлиус Гудачек:
Хоккей

"Барыс" қақпашысы Юлиус Гудачек өзінің командадағы болашағы туралы пікір білдіріп, клубтың жас легионер қақпашыны алып, оған Қазақстан азаматтығын беру ойында бар екенін айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Ltgalbet.kz" сайтына сілтеме жасап.

"Қазір келесі маусымда "Барыс" сапында қаламын деп кесіп айта алмаймын. Иә деп те, жоқ деп те жауап бермеймін. Бірақ клубтың командада бірнеше жыл ойнап, артынша Қазақстан азаматтығын алатын жас қақпашымен келісімшартқа отыру жоспарында бар екенін білемін", - деді Юлиус Гудачек. 

34 жастағы словакиялық қақпашы "Барыс" сапын биылғы маусым барысында толықтырып, 42 ойын өткізген және әр матчта ол орта есеппен 2,46 шайбаға тосқауыл бола алмаған.