"Барыс" бір командадай ойнаған жоқ - Юлиус Гудачек

Хоккей

"Барыс" қақпашысы Юлиус Гудачек команданың ҚХЛ биылғы маусымында нашар өнер көрсетуінің себебін түсіндірді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "Legalbet.kz" сайтына сілтеме жасап.  

"Соңына дейін күрестік деп айта аламын, 1:0, 2:0 есебімен алда тұрып, жақсы ойын өрнегін көрсеткен матчтарымыз көп болды. Бірақ қарсылас гол соққан бойда, психологяилық тұрғыдан жеңіліп қалып жүрдік. "Барыс" әрдайым өз айдынында жақсы ойнайтын командалардың бірі болды, сан басымдығын да сәтті жүзеге асыратын. Алайда биылғы маусымда артық құрамдағы ойынымыз жүрген жоқ, кем құрамда да жақсы ойнай алатын едік. 

Барлығы бір-бірі үшін ойнайтын команда болған жоқ, оған қоса шетелдік ойыншылар орыс тілін, ал ресейлік және қазақстандық хоккейшілер ағылшын тілін білмейді. 

Біз бір команда болып өнер көрсетпедік. Бәріміз біріміз үшін, біріміз үшін бәріміз үшін ойнаған жоқпыз. Барлығы ойнады, соңына дейін күресті, бірақ әр ойында клуб үшін жанын беруге даяр команда болмады. 

Тым нашар өнер көрсеттік деуге келмейді, плей-оффқа шығу үшін бірнеше ұпай ғана жетпей қалды. Өз айдынымыздағы матчтарға қарағанда, сыртта жақсырақ өнер көрсеттік. Астанада көп ұпай жоғалттық. Мәселен, "Амурмен", "Адмиралмен, "Нефтехимикпен" болған ойындарда. Толық ек ұпай еншілейтін матчтарда қарсыласқа есе жібердік", - деді қақпашы. 

Айта кетейік, "Барыс" биылғы маусымды Шығыс конференциясында соңғы орынмен аяқтады.