Қазақстан құрамасының шабуылшысы Гагарин Кубогы 1/8 финалының үздік сұрмергені атанды
Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңінің бірінші айналымы өз мәресіне жетті. Гагарин Кубогы 1/8 финалының нәтижесінде Қазақстан ұлттық құрамасы мен "Автомобилист" шабуылшысы бірінші кезеңнің үздік сұрмергені атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Форвард "Металлургпен" болған серияның жеті матчында 10 (4+6) ұпай еншілеген. Ол 9 ұпайдан еншілеген ЦСКА мен СКА шабуылшылары Михаил Григоренко (4+5) мен Никита Гусевті (3+6) басып озды. Бірақ, өкінішке қарай, Волк енді статистикасын жақсарта алмайды. Өйткені, "Автомобилист" "Металлургтен" серияда 3:4 есебімен жеңіліс тауып, Кубок үшін талас жолынан шығып қалды.
Плей-оффта өнер көрсетуін жалғастырып жатқан қазақстандық ойыншылар арасынан Даррен Дицтің қоржынында 2(1+1), Павел Акользиннің еншісінде 3 (3+0) ұпайдан бар.