Отандық теннисші ресейлік Олимпиада чемпионы баласының әкесі болып шықты

Отандық теннисші ресейлік Олимпиада чемпионы баласының әкесі болып шықты
Теннис

26 жастағы ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделина Сотникова нәрестесінің әкесі кім екенін айтты, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі Teleprogramma.pro сайтына сілтеме жасап. 

Олимпиада чемпионы өткен жылдың қазан айында сәбилі болған, бірақ оны әкесі кім екенін жарияламаған еді. Тіпті, спортшының жары жоқ екені, баланы өзі үшін дүниеге әкелгені туралы қауесет те тараған. 

Лилия Абрамоваға берген сұхбатында спортшы сәбиінің ұл екенін айтып, оның әкесін де көрсеткен. Ұлы Адрианның әкесі - қазақстандық теннисші Дмитрий Попко болып шықты.