Биіктікке секірудің заманауи техникасының авторы өмірден өтті

Биіктікке секірудің заманауи техникасының авторы өмірден өтті
Басқа

Биіктікке секіруден 1968 жылғы Олимпиада чемпионы америкалық Дик Фосбери 76 жасында өмірден озды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Ескі досым әрі өзім агенті болған спортшым Дик Фосбери лимфоманың өтпелі қайталануынан көз жұмды”, - деп жазған спортшының агенті Рэй Шултье. 

Дик Фосбери жеңіл атлетика тарихына биіктікке секірудің заманауи техникасының авторы ретінде енді. Ол техника “фосбери-флоп” деп аталады.

1968 жылы спортшы 2.24 метрді биіктікті еңсеріп, Мехикода өткен Олимпиада ойындарының чемпионы атанған еді.