Рыбакина жұптық сындағы жарыс жолынан шығып қалды
Теннис
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Индиан-Уэллсте өтіп жатқан Masters жарысының жұптық сынындағы бәсекеден шығып қалды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Испаниялық Паула Бадосамен жұптасып өнер көрсеткен спортшымыз екі сетте Сторм Сандерс - Элиза Мертенс дуэтінен 6:7 (2), 3:6 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша, отандасымыз беделді турнирдің жұптық сынындағы бәсекесін бірінші айналымда аяқтады.
Айта кетейік, 13 наурыздан 14 наурызға қараған түні Елена Рыбакина жекелей сынның үшіншә айналымындағы матчын өткізеді. Қарсыласы өзі жұп болып өнер көрсеткен Паула Бадоса болмақ.