Нариман Құрбанов әлем кубогынан алтын алды

Басқа
Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем кубогында қазақстандық Нариман Құрбанов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Bassport.kz.
Ол атпен жаттығуда жеңіске жетті. Құрбанов 15,300 ұпай жинап, топ жарды. Күміс медаль ирландиялық Рис МакКлэнаханға бұйырса, қола медаль албаниялық Матвей Петровтың еншісінде кетті.
Бұған дейін кеше Милад Карими еркін жаттығуда чемпион атанған еді.