Галтье бас бапкерлік қызметінен кетуі мүмкін, орнын кім басатыны белгілі
"ПСЖ" президенті Нассер Әл-Хелаифидің команданың Чемпиондар лигасы 1/8 финалы екі матчындағы өнеріне көңілі толмаған, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Клуб екі матчта да "Баварияға" гол соға алмай, соңында жалпы 3:0 (0:1; 0:2) есебімен жеңіліп қалды. Relevo басылымының жазуынша, команданың екі ойында да қарсылас қақпасына гол соға алмауына клуб президентінің көңілі толмаған. Сонымен қатар, ойыншылардың матчқа жанын салып ойнауы мен кейбір бапкерлік шешімдер де клуб басшылығы ойында сұрақтар туғызып оытрған көрінеді.
Команданың Франция чемпионатындағы көшбасшылығы Кристов Галтьенің бас бапкерлік қызметінде қалуына кепілдік бермейді. Егер клуб басшылығы Галтьені қызметінен алып тастаса, оның орнын неміс маман Томас Тухель басады деп жоспарланып отыр.