“Барыс” легионер қақпашысымен келісімшартты ұзартпайды

“Барыс” легионер қақпашысымен келісімшартты ұзартпайды
Хоккей

“Трансферы КХЛ” Telegram арнасында “Барыстың” словакиялық қақпашысы Юлиус Гудачектің клубтағы мансабы қалай жалғасатыны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

“Барыс” қақпашы Юлиус Гудачекпен келісімшартты ұзартпайды”, - деп жазылған дереккөз хабарламасында.

Словакиялық қақпашы биылғы маусымда 42 кездесуге қатысып, қақпасына 93 шайба жіберіп алды.