Отандық теннисші арулар Астанадағы турнирдің іріктеу кезеңінде бақ сынайды

Отандық теннисші арулар Астанадағы турнирдің іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Теннис

Бүгін Астанада ITF World Tennis Tour “BeeTV 60 Women’s” турнирінің іріктек кезеңі басталады. Қазақстандық теннисшілердің іріктеу сынындағы қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Қазақстандық жас теннисшілер wild card иегерлері атанды. Іріктеуде Дана Байдәулет ресейлік Софья Лансарамен сынға түссе, Еркежан Арыстанбекова Екатерина Яшинамен (Ресей) шеберлік байқасады. 

Айя Нүпбай тағы бір ресейлік теннисші Татьяна Прозоровамен кім мықтыны анықтайды. Сандуғаш Кенжебаева неміс теннисшісі Анна Броганмен, Жанель Рүстемова грузиялық Софья Шапатовамен сынға түседі.