Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингте төмен сырғыды
Теннис
АТР жекелей және жұптық сындарда бақ сынайтын теннисшілердің жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 40-орнын сақтап қалса, Тимофей Скатов алтын сатыға төмен сырғыды. Енді ол әлемнің 140-ракеткасы.
Жұптық сында ел намысын қорғап жүрген Андрей Голубев 58-орынға тұрақтады. Ол жеті сатыға төмендеп кетті. Александр Недовесов 68-орыннан 69-орынға жылжыды.
Новак Джокович әлемнің бірінші раееткасы атағын сақтап қалды. Карлос Алькарас екінші орында, ал Стефанос Циципас үзлік үштікті түйіндеп тұр. Жұптық сында бірінші орынға нилерландтық Уэсли Коольхоф шықты.