Рафаэль Надаль әлемнің үздік ондығы қатарынан шығып қалуы мүмкін

Рафаэль Надаль әлемнің үздік ондығы қатарынан шығып қалуы мүмкін
Теннис

Әлемнің аңыз теннисшілерінің бірі Рафаэль Надаль 18 жылда алғаш рет жаһанның үздік 10 теннисшісінің қатарынан шығып қалуы мүмкін, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

Аустралия ашық чемпионатында жарақат алғаннан кейін теннисші әлі кортқа оралған жоқ. Алдымен ол доха мен Дубайда өеттін жарыстарға қатыспайтынын мәлімдеген. Ал кеше ол наурыз айында Индиан-Уэллс пен Майамиде өтетін "Мастерс" жарыстарында да сайысқа түспейтінін хабарлады. 

Осының салдарынан ол үздік ондықтағы орнынан айырылып қалуы мүмкін. Алайда ол амеркиалық Тейлор Фритц жақын арада өеттін утрнирлерде 11 ұпйа жинаса ғана мүмкін болады. 

Еске салайық, испаниялық теннисші Рафаэль Надаль қатарынан 912 апта бойы әлемнің топ-10 теннисшісінің тізімінде келе жатыр.