Рафаэль Надаль екі Мастерс жарысына қатыспайтын болды

Рафаэль Надаль екі Мастерс жарысына қатыспайтын болды
Теннис

Әлемнің сегізінші ракеткасы Рафэль Надаль наурыз айында Индиан-Уэллс пен Майамиде өтетін "Мастерс" жарыстарына қатыспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Индиан-Уэллстегі де, Майамидегі де жарыстарға қатыса алмайтыным үшін көңіл күйім түсіңкі. Америкалық жанкүйерлерімді сағындым, жазғы маусымдағы ойындарк езінде міндетті түрде көремін," - деп жазды Рафаэль Надаль "Instagram" парақшасында. 

Айта кетейік, испаниялық теннисші Аустралия ашық чемпионатының кезінде белінен жарақат алған болатын. Соның салдарынан ол Доха мен Дубайда өткен сайыстарға қатысудан бас тартқан. 

Қазір теннисші жарақатынан сауығу іс-шараларына кіріскен.