Хулиан Альварес "Барселонаға" ауысуы мүмкін

Хулиан Альварес
Футбол

"Барселона" басшылығы Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Хулиан Альваресті жалға алу жөнінде "Манчестер Ситимен" сөйлескен, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі "SPORT" басылымына сілтеме жасап. 

Дереккөздің мәліметінше, испаниялық клуб Хосеп Гвардиоланың аргентиналық футболшыны құрамға көп қоспайтынын пайдаланғысы келіп отыр. Футболшының  өзі командадағы жағдайына көңілі толмайтын көрінеді, сондай-ақ ол ағылшындық клубтың басшылығына қандай да бір клубқа жалға барғысы келетінін де жеткізген. 

Бұған дейін "Интердің" футболшы қызметіне қызығушылық танытып отырғаны туралы ақпарат тараған. Альварестің "Манчестер Ситимен" жасалған қазіргі келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін есептелген. Осы маусымда шаубылшы команданың 30 ойынына қатысып, 10 гол және 8 нәтижелі паспен көзге түскен.

Transfermarkt порталы футболшыны 50 млн еуроға бағалап отырғанын айта кетейік.