Андрей Скабелка ҚХЛ бапкерлері рейтингісінде соңғы орындардың біріне тұрақтады

Андрей Скабелка ҚХЛ бапкерлері рейтингісінде соңғы орындардың біріне тұрақтады
Хоккей

Ресейлік "Чемпионат.com" сайты Құрлықтық хоккей лигасы 2022/2023 жылдар маусымы командаларының бас бапкерлерінің қорытынды рейтингісін жариялады. Астаналық "Барыстың" бас бапкері Андрей Скабелка 22 жаттықтырушының арасынан 20-орынға тұрақтады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық клуб биылғы маусымды Шығыс конференциясында 11-орынмен аяқтады. Команда маусымның 68 матчында 61 ұпай еншілей алды. 

1. Зинэтула Билялетдинов, "Ак Барс"

2. Роман Ротенберг, СКА

3. Игорь Никитин, "Локомотив"

4. Сергей Фёдоров, ЦСКА

5. Виктор Козлов, "Салават Юлаев"

6. Андрей Разин, "Северсталь"

7. Игорь Ларионов, "Торпедо"

8. Олег Леонтьев, "Нефтехимик"

9. Михаил Кравец, "Авангард"

10. Алексей Кудашов, "Динамо" Мәскеу

11. Андрей Мартемьянов, "Сібір"

12. Леонид Тамбиев, "Адмирал"

13. Вячеслав Буцаев, "Витязь"

14. Николай Заварухин, "Автомобилист"

15. Илья Воробьёв, "Металлург"

16. Крэйг Вудкрофт, "Динамо" Минск

17. Анвар Гатиятулин, "Трактор"

18. Вадим Епанчинцев, "Амур"

19. Дмитрий Кокорев, "Сочи"

20. Андрей Скабелка, "Барыс"

21. Алексей Заварухин, "Спартак"

22. Грег Айрленд, "Куньлунь"