“Барыс” көшбасшы ойыншылармен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасады

“Барыс” көшбасшы ойыншылармен ұзақ мерзімді келісімшарт жасасады
Хоккей

“Барыс” басшылығы БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистердің қазақстандық ойыншылардың келісімшарты неліктен бір жылға шақталғаны туралы сұрағына жауап берді, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.

“Бұл агенттерге байланысты. Ал Михайлис осы маусымнан кейін бос агентке айналады, кез келген клубпен келісімшарт жасаса алады. Келісімшарт мерзімі ұзақ болғанын, әрине, қалаймыз, бірақ көбіне агенттер өз дегендерінен қайтпайды”, - деді “Барыс” ХК президенті Борис Иванищев. 

Ал “Барыс” бас бапкері осы жағдайға қатысты келесідей пікір білдірді:

“Біз де өз дегенімізден қайтпай, мұндай келісімшарттар ұсынбаймыз. Өзіміз командада қалғанын қалайтын, әсіресе қазақстандық ойыншылардың, көшбасшылардың келісімшарты екі не нш жылға жасалуы керек. Бұл біздің оларға сенім артып, бірге “ұзақ жол” жүруге дайын екенімізді көрсетуде маңызды”.