Әділ Бекетаев “Барыстың” үздік қорғаушысы атанды

Хоккей
“Барыс” қорғаушысы Әділ Бекетаев ҚХЛ 2022/2023 жылдар тұрақты маусымы қорытындысында астаналық клубтың үздік қорғаушысы атанды, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі.
Қорғаушы 64 матчта 21 (3+18) ұпай еншілеген. Оған қоса, 24 жастағы Әділ Бекетаев мансабында алғаш рет осындай нәтижелі маусым өткізіп отыр. Сондай-ақ, ол биыл ҚХЛ-да толыққанды бірінші маусымын өткізген.