ФИФА жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 млн доллар бөледі

ФИФА жер сілкінісінен зардап шеккендерге 1 млн доллар бөледі
Футбол

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Түркия мен Сириядағы қуатты жер сілкіністерінен зардап шеккендерге 1 млн доллар қаражат бөледі, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Бұл қаржы екі елге де жылдам гуманитарлық көмек жеткізу үшін бөлініп отыр. Көмек негізгі гуманитарлық қажеттіліктерді сатып алу мен халыққа уақытша тұратын мекен ұсынуға жұмсалады. 

Түркия мен Сириядағы жер сілкіністерінен жалпы саны 42 мыңнан астам адам қаза тапқан.