Қазақстандық теннисшілерт АТР жарысының 1/2 финалына өте алмады
Теннис
Қазақстандық Андрей Голубев - Александр Недовесов жұбы Аргентинада өтіп жатқан АТР-250 жарысының жартылай финалына өте алған жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Отандастарымыз ширек финалда корт иелері Максимо Гонсалес - Андреас Мольтенимен кездесіп, 6:3, 6:7 (7:9), 10:8 есебімен жеңіліс тапты.
Өткен аптада Кордобадағы жарыста жерлестеріміз дәл осы жұпқа есе жіберген болатын.