Вавринкамен жұптасқан Бублик Роттердамдағы жарыстың 1/4 финалына шықты

Вавринкамен жұптасқан Бублик Роттердамдағы жарыстың 1/4 финалына шықты
Теннис

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Роттердамдағы (Нидерланд) жарыстың жұптық сынында Стэн Вавринкамен бірге өнер көрсетіп жатыр, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

Қазақстандық-швейцариялық дуэт турнирдің 1/8 финалдық ойынында хорватиялық Мате Павич-Никола Мектич жұбын 3:6, 7:6 (7:3), 10:7 есебімен жеңіп кетті. Бублик пен Вавринка 6 эйс, 2 қосарланған қателік жасап, бірде-бір брейк-пойнтты жүзеге асыра алған жоқ.

Еске салайық, бұған дейін осы жарыстың жекелй сынында Александр Бублик дәл осы Стэн Вавринкадан жеңіліп қалған.