Түркияда жоғалған ганалық футболшы әлі табылған жоқ

Түркияда жоғалған ганалық футболшы әлі табылған жоқ
Футбол

Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан жоғалып кеткен ганалық жартылай қорғаушы әьі табылған жоқ, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі. 

Футболшы қирандылардың астында қалып қойған  деп болжанып отыр. Іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанына оныншы күн болды. 

“Атсудың қай жерде екенін анықтасақ та, әлі күнге дейін тапқан жоқпыз. Оның аяқ киімін ғана таба алдық. Өте қиын жағдай, бірақ түркиялық және шетелдік құтқарушыларға, үкімет мен волонтерлерге алғыс айтамыз”, - деді спортшының агенті деп жазады Sky Sports.

Еске салайық, жер сілкінісі салдарынан “Хатайспор” және “Газиантеп” футбол командалары Түркия чемпионатын әрі қарай жалғастырмайтын болды.