Түркияда қирандылар астынан ирандық футболшылардың денесі табылды

Түркияда қирандылар астынан ирандық футболшылардың денесі табылды
Футбол

Түркиядағы зілзаладан қаза болғандардың саны артып жатыр. Енді қирандылар астынан Иран футболшыларының денесі табылғаны мәлім болды, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі “SporX” басылымына сілтеме жасап. 

Паралимпиадалық футбол командасының намысын қорғаған Мехди Сейидави, Мұхаммед Риза Мирахмеди мен Хамид Матрудилер Малатья қаласында зілзала салдарынан қираған қонақүй ішінде болып, қаза тапқан. Олардың денесі Иранға жіберліген. 

Осыдан апта бұрын Түркияда қуатты жер сілкінісі болған. Қазіргі таңда оның салдарынан қаза тапқандардың саны 31 мыңнан асып кетті.