Хаддад Майя Рыбакинаны қалай жеңгенін айтты

Хаддад Майя Рыбакинаны қалай жеңгенін айтты
Теннис

Бразилиялық теннисші Беатрис Хаддад-Майя Абу-Дабидегі турнирдің ширек финалында Елена Рыбакинаға қарсы өткізген ойыны туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

“Өте қиын кездесу болды. Рыбакина өте жақсы ойыншы, әлемдегі мықты теннисгілердің бірі. Сондықтан әр геймде жоғары деңгейлі ойын көрсетуім керек екенін түсіндім, әсіресе ол допты ойынға қосатын кездерде. Ойынға қайта оралып, өзіме тағы бір мүмкіндік беруге тырыстым және осының арқасында жеңіске жеттім. Кеше түнгі сағат үште ұйқыға жаттым. Бойымда адреналин тұнып тұрды. Физиотерапиядан соң, түнгі сағат бірге қарай қонақүйге қайттым. Бірнеше сағаттан соң қайта ойнайтыныңды біле тұра, жеңісіңді тойлау оңай емес… Матч өтетін күні, бүгін таңда тек залда ғана жаттықтым. Бірақ, маған бұл сезім ұнайды”, - деді Хаддад Майя матчтан кейінгі баспасөз конференциясында.