Елена Рыбакина Абу-Дабидегі жарыстан шығып қалды

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі жарыстан шығып қалды
Теннис

Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA-500 турнирінің ширек финалында өнер көрсеткен Елкна Рыбакина жарыс жолын аяқтады, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.

Қазақстандық спортшы ширек финалда бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен кездесіп, 6:3, 3:6, 2:6 есебімен жеңіліс тапты. 2 сағат 5 минутқа созылған матчта отандасымыз 19 эйс жасаған.

Еске салайық, дәл осы жарыстың 1/8 финалында қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Беатрис Хаддад Майядан жеңіліп, жарыс жолын аяқтаған болатын.