ФИФА Түркиядағы трансферлік кезеңді ұзартты

ФИФА Түркиядағы трансферлік кезеңді ұзартты
Футбол

ФИФА Түркиядағы қуатты жер сілкінісіне байланысты елдегі трансферлік кезеңді 18 ақпанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды bassport.kz тілшісі. 

"Табиғи апат салдарынан Түркияда болып жатқан оқиғаларға байланысты ФИФА Кеңесінің бюросы Түрік футбол одағының (TTF) TMS-те тіркелуінің екінші кезеңін 22023 жылдың 18 ақпанына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады", - деп жазылған ФИФА ресми мәлімдемесінде. 

Еске салайық, зілзала салдары құрбандарының саны 12 мыңнан асқан, 63 мыңға жуық адам жарақат алған.