Қиранды астында қалған түрік бапкері көз жұмды
Футбол
Түркиялық “Искендерунспор” командасының бапкері Ибрагим Халил Олмез елдегі зілзалада алған жарақаттарынан қаза тарқан, деп хабарлайды BasSport.kz тілшісі.
Бапкерді қираған үйлер үйінділерінің астынан тапқан. Ауыр халде болған Ибрагим Халил Олмез жан сақтау бөліміне жатқызылған. Алайда футбол бапкерінің алған жарақаттары тым ауыр болып, дәрігерлер оның өмірін құтқара алмаған.
“Жер сілкінісінен кейін үйінділер астынан құтқарылып, жан сақтау бөліміне жатқызылған бапкеріміз Ибрагим Халил Олмез өмірден өтті. Марқұмның жақындарына қайғыра көңіл айтамыз”, - деп жазылған клубтың әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ, зілзала салдарынан клубтың 18 жасқа дейінгі жастар командасында өнер көрсеткен Бурак Дуралты да қаза болған.